Құрылғылардың пайдаланушыларына хабар жіберу

Құрылғылардың пайдаланушыларына хабар жіберу үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Келесі тәсілдердің бірімен құрылғылардың пайдаланушыларына хабар жіберу тапсырмасын жасаңыз:

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

  3. Тапсырма жасау шебері тапсырмасының түрі терезесінде Kaspersky Security Center Басқару сервері торабын таңдап, Кеңейтілген қалтасын ашып, Пайдаланушыға хабар жіберу тапсырмасын таңдаңыз. Пайдаланушыға тапсырманың көмегімен хабар жіберу тек Windows операциялық жүйесінің басқаруындағы құрылғылар үшін ғана қолжетімді. Сондай-ақ Пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару қалтасының жұмыс аймағындағы пайдаланушының мәнмәтіндік мәзірінен хабар жібере аласыз.
  4. Жасалған тапсырманы іске қосыңыз.

Тапсырманың жұмысы аяқталғаннан кейін, жасалған хабар таңдалған құрылғылардың пайдаланушыларына жіберілетін болады. Пайдаланушыға тапсырманың көмегімен хабар жіберу тек Windows операциялық жүйесінің басқаруындағы құрылғылар үшін ғана қолжетімді. Сондай-ақ Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасының жұмыс аймағындағы пайдаланушының мәнмәтіндік мәзірінен хабар жібере аласыз.

Басына оралу